Алматы облысында сот төрағасы бас бостандығынан айырылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
75

Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасына үкім шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Алматы облысының Қарасай ауданы сотының үкімімен Қонаев қаласы сотының төрағасы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол аса ауыр қылмысты неғұрлым жеңіл қылмыс санатына ауыстырып, жазаны жұмсарту үшін 9 млн теңге заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты, деп хабар...

Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы а...