Талғарда изолятордан күдікті қашып кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
827

Полицияның мәліметінше ол зорлау бабы бойынша күдікке ілінген азамат, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы облысының полиция департаменті мәлімдегендей, Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат К. қашып кеткен.

«Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен ұсталған азамат қашып кетті. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі маршруттарда блок-бекеттер қойылды, және барлық күш пен құралдар қашып кеткен адамды іздеуге және ұстауға бағытталды», – деп хабарлады полиция.

Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.

Жаңалықтар

TikTok-та 9 жасар қыз әскерге кетіп бара жатқан ағасымен қоштасу сәтін жариялады. Ағасының қолына сы...

Жаңалықтар

Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Жол апаты 20 қарашада...