15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
80

Синоптиктердің болжауынша, жұма күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде қар жауады, батыста, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады.

Ел аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста бұрқасын соғады, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман түседі, батыста, елдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Астанада күндіз ауа температурасы -2-4 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Күн ала бұлтты.

Алматыда күндіз ауа температурасы +2+4 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Күн ала бұлтты.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +7+9 °C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Күн ала бұлтты.

Жаңалықтар

Алдағы үш тәулікте еліміздің батысында солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы нашарлайды, деп хаба...

Жаңалықтар

Қарағанды облысында «Альфард» аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal....