Бүгін көптен бері ойымда жүрген істің орайы келіп, Төлен Әбдік, Алдан Смайыл, Ұлықбек Есдәулет ағала...
"SMS кодтарды ешкімге айтпаңыздар": Полиция алаяқтыққа қатысты үндеу жасады
Фото: freepik.com
Биыл қараша айының 12-14 күндері аралығында Шымкент қаласы аумағында республикалық денгейдегі "Анти-фрауд" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шара туралы ақпарат Шымкент қалалық ПД Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
“Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, интернет алаяқтық қылмысының құрбаны болмас үшін өздеріңіздің жеке және банк есепшот деректеріңізді бөгде тұлғаларға бермеңіздер.Ұялы телефоныңызға келген SMS кодтарды ешкімге айтпаңыздар. Интернет дүкендерінен сатып алу кезінде, дүкеннің бар-жоғына көз жеткізіңіздер", -делінген хабарламада.
Сонымен қатар іс-шараның екі күн қорытындысы бойынша қала аумағында бұрын жасалған 19 қылмыс ашылды. Іс-шара барысында қала тұрғындары көп шоғырланған аумақтарда интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.