“Үй берем деп алдаған”: Перизат Қайрат астаналық отбасыны тақырға отырғызған

Фото: Stan.kz

Жаңалықтар
137

Перизат Қайрат “BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан астаналық тұрғынға үй берілетінін айтып, кейін із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Елорда тұрғыны Әсел Омарова Stan.kz ақпарат агенттігіне хабарласып, осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне пәтер берілетінін естіген. Оған Перизат Қайраттың өзі хабарласқан. Тіпті бұл “сыйлық” сертификат түрінде галоконцертте  ресми түрде табысталған екен. Дегенмен арада қаншада уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтердің кілтін қолына ұстай алмапты. 

Перизат Қайрат  отбасыға пәтер сыйлауға уәде еткен, тіпті көптің алдында сертификат табыстаған. Бірақ сол күйі үй берілген жоқ дейді.

“Жамандыққа қимаймын, дегенмен “барды бар, жоқты жоқ” деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, “үй табыстаймыз” деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді”, – деді астаналық Әсел Омарова.

Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін қор хабарсыз кетіпті. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі қордың телефон номеріне хабарласып, байланысқа шыға алмағанын жазды.

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...