Елімізде “полицейлер” адамдардан ақша бопсалаған

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
127

Елімізде “полицейлер” адамдардан ақша бопсалаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шымкентте қараша айында бір топ адам өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, бопсалау арқылы қамқорлық жасауға уәде еткені үшін ай сайын 1,5 миллион теңгеге дейін ақша алып отырған.

Ал Ақтөбеде өздерін полицей етіп таныстырған екі жігіт қаланың екі тұрғынына күш көрсетіп, 300 мың теңгесін ашығынан ұрлап әкеткен.

Қонаевта өздерін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде таныстырған екі тұрғын қажет ақпаратты таратпағаны үшін жігіттен 500 мың теңге бопсалаған. Олардан жалған қызметтік куәлік, құжаттар мен киім-кешек тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес т...

Жаңалықтар

Шетелдік фильмдер мен анимацияларды аударуға Қазақстан бюджетінен 2023 және 2024 жылы 443 млн теңгед...