Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өт...
«Қатты ұрмауым керек еді»: Жәнібек Әлімханұлы доминикандық қарсыласына жазба арнады
Сурет ашық дереккөзден алынды
342
Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC белбеуінің иесі доминикандық Карлос Адамеске (24-1, 18 КО) жазба арнады, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Спарринг кезінде оларды бұлай қатты ұрмауым керек еді. Адамес, мен енді сенің түнгі қорқынышыңмын!» — деп жазды «Қазақ стилі» өзінің Х-тегі парақшасында.
Бұған дейін Әлімханұлы Адаместен бірнеше рет жекпе-жек өткізуге келісімшарт жіберуін сұраған. Ал Карлос командасының Жәнібектің өкілдеріне қажетті құжаттарды талай рет жібергенін, алайда ешқандай жауап келмегенін айтты.