Сырттан спортшыларды әкеліп, несіне әуреленеміз? - Арман Шораев

Фото: Alash.kz

Спорт
171

Кәсіпкер Арман Шораев: «Шетелдік легионерлер біздің елімізге қаншалықты қажет? Олар біздің көк паспортты тек ақша табу, санкцияны айналып өту, чемпион болу үшін ғана пайдаланады» деген пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz alash.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Олимпиадаға жұмсалып жатқан миллиардтаған ақшаны балалар спортына, түрлі секцияларға бағыттау керек. Өзіміздің мықты балаларымыз жетерлік. Сырттан спортшыларды әкеліп, несіне әуреленеміз?». Бұл пікірді белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев ALASH.KZ ұлттық порталына берген сұхбатында айтты.

«Шетелдік легионерлер біздің елімізге қаншалықты қажет? Африкалық желаяққа азаматтық беріп, елімізге алып келдік. Осыдан 10-15 жыл бұрын Қытайдан ауыр атлетикадан легионерлерді тартып, тағы 2-3 қызды алып келдік. Бұл спортшылар елімізге жалпы не үшін қажет? Олардың аты қазақ па, заты қазақ па?! Теннисшілердің істеп отырған тірлігін көріп отырмыз. Оларға тек қана ширма керек. Біздің көк паспортты тек ақша табу, санкцияны айналып өту, чемпион болу үшін ғана пайдаланады. Бітті! Сондықтан олимпиадаға жұмсалып жатқан миллиардтаған ақшаны балалар спортына, түрлі секцияларға бағыттау керек. Сонда бізге шетелден қаңғып келген хоккейшілерді, футболшыларды жалдаудың қажеті болмайды. Құдайға шүкір. Өзіміздің мықты балаларымыз жетерлік. Жуырда мен бір жаттығуға бардым. Жақын досымның ұлы хоккеймен айналысады. Сол жаттығуда қазақша сөйлеп жүрген өзіміздің қара домалақтарды көріп, қатты қуандым. Сырттан спортшыларды әкеліп, несіне әуреленеміз? Неге біздің жаттықтырушылар шетелден «мерзімі өтіп кеткен» футбол командаларын жалдайды? Өйткені, олар өздеріне өтірік жалақы тағайындап, сол жалақының жартысынан көбін өз қалталарына салып алады. Бұл спорт саласы үлкен бір бизнеске айналған. Сондықтан кәсіби спортты, ондағы үлкен жобаларды бюджеттен қаржыландыруды доғарып, бұл саланы жеке бизнес өкілдеріне беру керек. Спорт мемлекеттің қатысуынсыз, кәсіпкерлердің демеушілігімен дамуы керек»,- дейді Арман Шораев.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...