Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» ат...
Доллар 600 теңгеге дейін өсе ме? — Ұлттық банк жауап берді
Фото: freepik.com
52
Сенат кулуарында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Виталий Тутушкиннің айтуынша, доллардың күрт өсуіне оның әлемдік нарықта нығаюы әсер етіп отыр.
“Бізде еркін айналымдағы курс режимі бар, курс динамикасы бойынша болжам жасамаймыз. Жалпы, 500 деген жай ғана сан, оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500, ертең 600, курс шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай қалыптасады. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валюталарға қатысты нығайып келеді. Егер теңге мен еуроның арақатынасын қарастыратын болсақ, онда жағдай анағұрлым тұрақты”, - деді В.Тутушкин.