Нұрсұлтан НазарбаевҚұрметті отандастар!Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейр...
“Соғыс іргемізге келіп тұр": Депутат елді қорқытып қойды
Фото: Видеодан алынған кадр
282
Сенат және Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соғыстың қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Депутаттың айтуынша, соғыс бола қалған жағдайда әскер дайын емес екен. Қазақ жастары психологиялық тұрғыдан дайын еместігін жеткізді.
"Кейінгі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Соғыс іргемізге келіп тұр. Сандарға назар аударайық. Армияға шақырылатын орын 40 мыңды құрайды. Ал 2024 жылы әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас арасындағы ер адамдар саны 1 млн 200 мың адамды құрайды. Қазір жастар заманауи қару қолдана алмайды. Әскерден хабары жоқ. Әрі психологиялық тұрғыдан да дайын емес. Ел басына күн туа қалған жағдайда ешқайсысы дайын емес”, - дейді депутат.