Алматыға жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" алаңында өті...
Әнші-жыршы Ақан Әбдуәлі Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әнші-жыршы Ақан Әбдуәлі Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды. Аймақ басшысы Амандық Баталов бүгін өңір активіне жаңа орынбасарын таныстырды. Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлі – 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан бастап, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздық қызметтер атқарған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгерушісі болды. 2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары. 2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры лауазымын атқарды. 2015- 2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1-ші маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2003 жылы «Ағама сыр» лирикалық өлеңдер жинағы жарияланған, 2004 жылы «Ғасырлар үні», 2008 жылы «Жетісу ақындарының жыр сарындары» атты ноталық үлгімен ғылыми зарттеулерінің авторы. 2004 жылы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» диск альбомы жарық көрді. «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «50 Батырлар дастаны» т.б. антологиялық дисклер жинағы редақция алқасының мүшесі. Қазақтың ән, жыр, күй, терме-толғауларын насихаттау барысында «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Алтыбақан» «Жетісаз» «Ауылдың алты ауызы» т.с.с хабарларға қатысты. «Қазақтың 100 әні», «Телқоңыр» музыкалы танымдық хабарларының жүргізушісі әрі авторы. Сонымен қатар «Інжу маржан», «Мәңгілік сарын», «Астана арқау» дәстүрлі музыка фестивалдарының ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі.
Ақан Жылқышыбайұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз!