QAZAQ AIR Түркістаннан тікелей Самарқандқа ұшатын болады

Жаңалықтар
305

QAZAQ AIR әуекомпаниясы алғаш рет Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алғашқы рейс 15 наурызға жоспарланған. Әуе тасымалы аптасына 2 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы ұшақтарымен келесі кесте бойынша жөнелтіледі:

Жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 509 Түркістан 20: 20-Самарқанд 21:20

IQ 510 Самарқанд 22:10-Түркістан 23:10.

Тарих пен мәдени мұраға бай түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан мен Самарқанд арасындағы әуе қатынасы екі мемлекеттің қарқынды мәдени және туристік саласының дамуына жол ашады. Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары үшін екі елдің бірегей мәдени ескерткіштеріжәне үздік дәстүрлерімен танысу қолжетімді бола түсті. 

«Тамырлас түркі елдерінің алтын бесігі саналатын тарихи қалаларға орындалатынәуе рейстері екі ел ынтымақтастығы мен экономикалық әлеуетін арттырып, іскерлік қатынастар және туризм саласын айтарлықтай дамытатынына сеніміміз мол», - деп атап өтті QAZAQ AIR әуекомпаниясының төрағасы Еркін Наурызбаев.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан қазірден бастап брондауға және сатып алуға болады. Билеттердің құны бір бағытқа 20 000 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, Қазақстанның әуекомпаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді орындайтынын атап өткен жөн.

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...