III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетті

Жаңалықтар
242

Қырғызстанда 2 қыркүйек күні III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтті. 

Этнофестиваль Қыршын шатқалында ұйымдастырылды. Ол жерде сахна орнатылып, киіз үйлер тігілді. Ал жергілікті милиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. 

Қырғыз елінде өтетін көшпенділердің III дүниежүзілік ойындарына 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысты. Дүбірлі додаға қатысу үшін 53 елден өтініш келіп түскен. Спортшылардың басым бөлігі Ресей және Қазақстаннан келді. Жарыста барлығы 600 медаль сарапқа салынды. Жалпы жүлде қоры 260 миллион сомды, яғни 400 мың долларды құрады. 

Спорттық шараның ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Жаңалықтар

Үш күн бұрын жоғалып, дәретханадан өлі табылған 3 жастағы Асылым жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...