Шетелдік кинокомпаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

ВИДЕО
1221

Отандық киноиндустрия қарқын алып келеді. 

Соңғы жылдары қалың көрерменге жол тартқан төл туынды саны екі есеге артқан. Статистикаға сүйенсек, 2014 жылы оның нарықтағы үлесі 12,5%-ға жеткен. Соңғы үш жылда 20 көркем фильм, 67 деректі фильм мен 4 анимациялық картина жарыққа шыққан екен. Осы ретте әлемнің үздік кинокомпаниялары қазақстандық продакшн компанияларымен жұмыс істеуге ниетті. Әсіресе, қазақ даласы кино түсіруге таптырмас орын деген баға берілді.  Мәдениет және спорт министрі еліміздің атын әлемге танытқымыз келсе, кино индустрияны қаржыландыру қажет дейді. Бұл қадам туризм мен экономиканың басқа да салаларын дамытуға, сондай-ақ инвестициялар тартуға оң ықпал етпек. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

 - Universal Studios-қа қаншама млрд адам келіп жатыр. Кино қай жерде түсіріліп жатқаны, қалай болып жатқаны бүкіл дүниежүзіне қызық. Сол себепті біз киноөндірісті бизнеспен бірге алып жүруіміз керек. Сонда ғана бизнестен түскен ақша киноға қарай салына береді.

Madenietportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...