Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ди...
Құқық қорғау – қадірлі іс
Сот төрелігінің сапасын арттырудағы нақтылы қадамдардың бірі татуластыру институттарын дамыту болып табылады. Осы туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та да қадап айтты. Себебі даулардың 50-60%-і өзге елдерде бейбіт түрде шешіледі.
Осы орайда Жоғарғы сот екі бағытта жұмыс жасап отырғанын айта кету керек. Бастапқысы – сотсыз татуласу. Бұл негізде əкімдердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Кəсіподақтар федерациясының, Қоғамдық даму министрлігінің араласуымен татуласу орталықтары ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда алты облыста жүзеге асты. Келесісі – соттарда татуластыру. Бұған арнайы судьялар бекітілген.
Тағы бір айта кетерлік маңызды шаруа, Жоғарғы сот Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, жаңа судьяларды іріктеу жүйесін түбегейлі өзгертуді қолға алды. Сондай-ақ, судьялардың ауызша, жазбаша машығын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мемлекеттік қызметшілер халықпен жеңіл, түсінікті тілде сөйлесуі керек», - деген ескертуі қаперге алынды.
Мемлекет басшысының бірыңғай сот практикасын қалыптастыру туралы тапсырмасын орындау барысында судьялардың бірыңғай сот практикасын ұстануына сəйкес IT-бағдарлама əзірленуде. Кез келген адам сотқа бармай-ақ дау бойынша қабылданған шешімді IT жүйе арқылы бақылай алады.
Дамыған елдердің дені баяғыда əкімшілік юстицияны енгізіп, яки енгізу үстінде. Осыған байланысты Жоғарғы сот пен Əділет министрлігі тиісті заң жобасын əзірлеп, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқаруда. Әкімшілік юстицияның мағынасы – жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік органның шешіміне көңілі көншімесе, яки оның əрекеті мен әрекетсіздігіне келіспесе, дəлел іздеп сарсылмайды.
Мемлекеттік органның өзі сот алдында өзінің шығарған шешімін немесе іс-əрекетіне негіз табуы тиіс. Бұл дегеніміз - экономикалық, инвестициялық, бизнес-ахуалға жағымды ықпал әкеледі деген сөз.
З. Самалбекұлы