Елордада Абайдың «Әзім әңгімесі» шығармасына негізделген хореографиялық спектаклдің премьерасы өтеді

Жаңалықтар
1810

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» МКҚК 2021 жылдың 4 шілдесінде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізетіндігін хабарлайды.

Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: «Мың бір түнде» мұндай ғажайып оқиғалар сан рет кездесе береді ғой. Әйтсе де, «Әзімнің» олардан бір айырмасы – алхимия мәселесінің сөз болуы» деп жазады.

Бұл қойылым А.Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады. 

Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөй шал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған әпжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Бірақ, қойылым соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып кетеді. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...