«МҰЗБАЛАҚ»

Жаңалықтар
1050

Шəкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Мұзбалақ" толықметрлі анимациялық фильмінің көрсетілімі болып өтті.

Бұл жас режиссерлер: Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының жəне олардың жанына топтасқан анимациялық кино мамандарының үш жылдық жанкешті еңбектерінің жемісі.

Бір сағаттық мультфильмде олар қазақтың құсбегілік өнерін жанды ертегіге айналдырып, кішкентай көрермендерге анимация тілімен өте көркем жеткізе білген. Мұнда бəрі де бар: жақсы сценарий, шебер өрілген, толассыз динамикаға құрылған шымыр драматургия, ұлттық келбетке, қимыл-қозғалысқа ие кейіпкерлер, этнографиялық суреттер, ұлттық болмыс пен танымға суарылған жаңаша, күрделі режиссерлік шешімдер.

"Мұзбалақ" - қазақ анимациялық кино тарихындағы халықтық фольклорға мейлінше суғарылып, ұлттық бояуы жосаға қайнатқан асықтай қанық жағылған толықметрлі тұңғыш мультфильм.

"Мұзбалақ" - Тəуелсіздік заманында дүниеге келіп, азаттық ауасымен тыныстап өскен еркін ойлы жастардың кəсіби шығармашылық еңбегінің жемісі.

"Мұзбалақ" - фильмдегі басты қаһарман қыран құстың аты. 

Мұзбалақ - фильмде темір тепкін, топшысы болат, қыран құс қана емес, ол мұнда ұлттық геройға айналып кеткендей...

Мұзбалақ - қазақ сияқты еркіндікті сүйеді. Ол бар болмысымен азаттықты аңсайды. Ол қазақ сияқты досына адал, жауына қатал.

Мұзбалақ - қазақ құсап азап шегеді, қазақ құсап қайғырады, қазақ құсап қуанады да.

Мұзбалақтың көзіндегі мұң да қазақтікі...

Қазақтың жауы - Мұзбалақтың жауы. Ақыры Мұзбалақ қазақтың жауы, қазақты жалмап тауыспақшы болған, қазақты жер бетінен тұтас жойып жіберуге тырысқан, аспан астын жалғыз жайлауға ұмтылған, құбыжық аждаһа - алып Айдаһарды жан алысып, жан беріскен жекпе-жекте өлтіреді. Бұл - жақсы нышан...

2018 жылдың қазан айының 18 жұлдызынан бастап, "Мұзбалақ" анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

madeniportal.kz



Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...