Медбикенің бетінен ұрған ер адамға сот үкімі шықты

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1061

Медбикенің бетінен ұрған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

4 наурызда сотталушы масаң күйде Жетіжал ауылындағы медициналық пунктке барып, денсаулығына шағымданған. 

Кейін медбикенің бірден көмек көрсетпегеніне ашуланып, оның бет тұсынан жұдырығымен соққы жасаған. 

Салдарынан жәбірленуші орындығынан құлап, дене жарақатын алған. 

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. 

Ер адам кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полиция қызметкерлері санитарлық жағдайы өте нашар үйде...

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуімен бірг...