Ғылыми-әдістемелік қызметі

КІТАПХАНА
1858

Негізгі бағыттары:

  • Қазақстандағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайын зерттеп, талдау және дамуын болжау;
  • Республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;
  • кітапхана ісіндегі өзекті тақырыптар және ҚР Ұлттық кітапхана тарихы бойынша іргелі қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне және республика кітапханаларына кітапханатанулық зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары және кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; 
  •  ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің және республика кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
  • Кітапханатану залында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету.

Негізгі міндеттері:

  • Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорын жүргізу, республика көпшілік кітапханалары қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;
  • кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеу;
  • кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, ғылыми ақпаратпен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, ҚР Ұлттық кітапхана және республика кітапханалары қызметіне инновациялық үрдістерді енгізуге әдістемелік көмек көрсету; 
  •  кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;
  • республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен, ҚР Кітапханалар Ассоциациясымен, алыс және жақын шетел кітапханаларымен және т.б. қоғамдық ұйымдармен, ассоциациялармен әріптестік қарым-қатынас орнату;
  • республика көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу, жарияланымдар дайындау;
  • ҚР Ұлттық кітапхана Ғылыми Кеңесінің және Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
  • Кітапханатану залында оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

Құрылымы:

  • Кітапхана ісінің дамуын болжау мен дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тобы; 
  • Кітапханатану залы.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...