Шымкент қаласындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесі...
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана
Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы – республиканың батыс өңіріндегі арнаулы кітапханалардың бірі. Кітапхананың кітап қорында әдебиеттердің барлық түрі қамтылған, соның ішінде жайпақ-баспа, бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған, электрондық ресурс түрінде әдебиеттер және бедерлі-графикалық құралдар.
1969 жылы облыс орталықтарында көз мүгедектер жандардың мәдени демалуына және ақпарат алуына арнайы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың кітапханасы ашылды. Орал қаласында көзі көрмейтін тұлғаларға кітапханалық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 1969 жылдың 18 желтоқсанда №639 «Зағиптарға арналған арнаулы кітапхананы ашу туралы» Орал атқару комитетінің шешімі бойынша арнайы кітапхана ашылды.
Кітапхананың тұңғыш директоры І топтағы көз мүгедегі Николай Николаевич Ливанов басқарды. Ол бүкіл 15 жылдан астам басқарған қызметінде кітапхана ісін өркендету үшін бар күш- жүгерін салды.
2013 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің 10 желтоқсандағы №265 қаулысымен кітапхана «Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.
Өркендеу және даму кезеңі
1969 ж.- Арнайы кітапхананың құрылуы
1989 ж.- Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасына облыстық мәртебесі берілді.
1998 ж.- Кітапханада «Брайлист» үйірмесі ашылды.
2002 ж. - Тифло-ақпараттық библиографиялық секторы ашылды.
2003 ж. - Барлық санаттағы мүгедектерге қызмет көрсету «Қайырымдылық» бағдарламасы жүзеге асырылды.
2004 ж.- Орталықтандырылған кітапхана жүйелерінде кітапханалық пункттер ашылды.
2005 ж.- «2002-2005 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалтудың Мемлекеттік бағдарлама аясында кітапханаға тифлокомплекс берілді.
2006 ж.- Алғашқы брайльдық принтері сатып алынып, бедерлі-нүктелі қаріп түрінде кітаптар шығарылды.
2007 ж.- Кітапханаға «АИС- СБ РК» кітапханалық ақпараттық
автоматтандырылған бағдарламасы енгізілді.
2008 ж.- Бедерлі-нүктелі қаріп түрінде қоғамдық «Луч» газетінің алғашқы номері шықты. Газет тоқсанына 1 рет шығады.
2009 ж.- Зағип және нашар көретін пайданушыларды компьютерлік сауатылыққа оқытатын ақпараттық-компьютерлік зал ашылды.
2010 ж.- Дыбысты кітаптарды өндеу бөлімі және дыбыс студиясы ашылды.
2012 ж.- «Ақжайық» интеллектуалды клубының ашылуы және Online ойынының алғашқы рет өтуі.
2013 ж. - Ең үздік кітапханалық пунктті анықтау мақсатында «Кітапхана-тең мүмкіндікке қадам» байқауы оздырылды.
2014 ж.- «Арнаулы кітапхана ақпараттық кеңістікте» республикалық практикалық конференция өтті.
2015 ж.- «Шабыт» ақпараттық мәдени орталықтың ашылуы.
2015 ж.-"Ерекше балаларға - ерекше кітаптар" қайырымдылық акциясы жарияланды.
2015 ж.- Әйелдерге арналған "Әдем-ау" журналының бедерлі-нүктелі қарпі түрінде алғашқы номері шығарылды.
2016 ж.- "Қадыр әлемі" үйірмесінің ашылуы.