Ахмиров маңайының ондаған тұрғыны Тоғас көшесіне жарық пен бағдаршам орнатуды талап етіп, тас жолды...
Адвокатура саласы жаңғыруда
Адам құқығын қорғауда адвокаттың үлесі зор екені мәлім. Сондықтан ол – сот төрелігін атқаруда маңызды рөлге ие болады. Сонымен қатар, ол – құқық пен моральдық жауапкершілікті және адамгерлішікті қатаң ұстанатын, ешкімге бас имейтін тәуелсіз тұлға болуы тиіс. Осы орайда қылмыс істеді деген күдікпен ұсталған адамды қорғау үшін айғақ жинау жолында адвокатқа мол мүмкіндектер қарастырылған. Атап айтсақ, тәуелсіз түрде сараптама жасату, сол жасалған сараптама қорытындысын сотта жария ету құқы да жоғары. Егер адвокат белсенді әрекеттер істесе, сот жұмысы да жеңілдеп, әділетті үкім шығаруға жол ашылады.
Дейтұрғанмен осы аталған шаруалар бұрындары қабылданған заң аясында нақтылықпен айқындалмаған еді. Енді жаңа заң қабылданды. Бұл заң адвокат қызметінің мүмкіндігін ұлғайтып, сонымен қатар жауапкершілігін де арттыратыны сөзсіз. Тегі адвокаттардың құқы мен міндеттері бұрын да қарастырылған болатын. Тек жауапкершілік жағы ғана ескерілмеген еді.
Сот процесі кезінде адвокаттың сапасыз қызметі ашық көрініп тұрса да, ол ешқандай жауапкершілікке тартылмай келді. Сол сапасыз жұмысы үшін алған ақысы да қайтарылмайтын. Ал іс жүзінде кез келген қылмысты істің артында адам тағдыры тұрады.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, тағылымдамадан өтуші мәртебесі де осы уақытқа дейін қарастырылмай келді. Олардың соңғы кезге дейін сот отырысына қатысуға құқы болмады. Оның себебі тағылымдамадан өтушіге сол уақыттағы заңнамада лицензия беру ойластырылмаған болатын. Бұл жағдай әбден ойлантарлық мәселенің басын аша түскендей. Егер прокуратура мен тергеу органдарының жас мамандары сот отырысына қатысуға рұхсаты болса, ал адвокаттардың тағылымдамадан өтушісіне сол сияқты мүмкіндік берілмегені көрінеді. Осындай айырмашылықты айыптау мен қорғау тараптарының тең құқылы еместігін айқын көрсетіп тұрған келеңсіздік деп атауға болады. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі кәсіби заң көмегін көрсету жолындағы тағы бір ағаттығы туралы айта кеткеніміз жөн секілді. Ол адвокатурамен шұғылдануға бұрын сотталған адамдарға жол ашық екені хақында. Бұны адвокаттық көмектің тым сапасыз болуына және клиент тағдырына немқұрайлы қарап, қателіктер жіберуге апаратын қадам деп түсіну керек. Осындай олқылықтар қайта қаралып, жаңа заңнамада адвокаттық іспен шұғылданушыларға арнайы шектеулер қойылатын болды.
Осыған дейінгі қолданыста болған заңнамада жапа шегушінің құқығы мен заңды мүддесін сақтау басты мәселе ретінде қаралған болатын. Жаңа заң аясында да сол маңызын жоғалтқан жоқ. Заңды мүддесі қылмыстық әрекет салдарынан бұзылған жақ сот отырысында жеке бір тарап ретінде саналады. Осы орайда оның да қорғалуы мен құқықтарының сақталуы маңызды. Ал осы шаруаны жүзеге асыратын адвокаттың өзінің құқы күдіктінің адвокатымен тең болуы тиіс. Біздің практикада көбіне күдіктінің адвокатына мол мүмкіндіктер беріліп, осы тараптар арасында алалаушылық байқалды.
Сондай-ақ кәсіби қорғаушылардың корпусын жасақтау мәселесі де ойдағыдай болмады. Дегенмен заң білімін алған жоғары оқу орындарын бітірушілер саны күннен күнге арта түсуде. Солай болғанымен адвокатурамен айналысуға олардың жағдайлары жоқ. Себебі адвокаттық қауымдастыққа кіру үшін олар алдын ала 600-ден 800 мыңға дейін кіріс жарнасын төлеулері тиіс көрінеді. Жас мамандар мұндай қаржыны аяқ-асты таба алмасы белгілі. Осындай кедергілердің салдарынан олар адвокаттық жұмысқа аса ынталы да бола бермейді. Жалпы Қазақстан бойынша 4,7 мың ғана адвокат тіркеуде тұр. Әр адковатқа 3,8 мың клиенттен келеді екен. Ал дамыған мемлекеттерде ахуал мүлдем өзгеше. Мысал ретінде қарасақ, Англияда 900 адамға, ГФР-де 500 адамға, Италияда 260 адамға бір адвокаттан келетін көрінеді.
Әлемдік тәжірбиге көз салатын болсақ, тұрғындар мен бизнес саласына білікті және сауатты көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ол барынша қатаң нормативтермен реттеліп отырады. Осындай әлемдік тәжірибе ықпалынан соң адвокаттық қызметпен қатар барлық заңнамалық көмек көрсету жүйесін реформалау қажеттілігі туындады.
Осы орайда Президенттің Жарлығымен 2009 жылы бекітілген құқылық саясаттың тұжырымдамасында осы адвокатура саласын жетілдіру жайында келелі әңгіме қозғалып, тапсырмалар берілген болатын. Осы тапсырмаларды орындау барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы әзірленіп, қабылданды. Қабылданған заңның арқасында жоғарыда атап өткен олқылықтар түзетіліп, біршама проблемалар шешілді.
Бұл заңның өзектілігі – оның кешенді және жүйелі болуында. Соның негізінде Қазақстанның әр азаматы сапалы заң көмегін алуға қол жеткізді. Сонымен қатар құқықтық алаңға жаңа фигура шығып, оны Заң консультанты деп атайтын болдық. Бұған дейінгі бірнеше заң мен кодекстердің орнына бір ғана заң дүниеге келді. Ол заң адвокаттық іс пен заңгер консультанттардың қызметін реттеуші қағидат болып саналады. Сондай-ақ адвокаттық жұмыс сапасына баға беретін бір текті стандарттар пайда болды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар мен заңгер консультанттардың кәсіби жауапкершілігін де міндетті түрде сақтандыру шарасы қолданысқа енбекші.
З. Самалбекұлы