Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республи...
АҚАН САТАЕВТЫҢ "АНАҒА АПАРАР ЖОЛ" ФИЛЬМІ 24 МАМЫРДАН БАСТАП АҚШ-ТА ПРОКАТҚА ШЫҒЫП ЖАТЫР
Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Қазақфильм", "Новый мир" және Sataifilm компаниялары бірлесе түсірген "Анаға апарар жол" фильмі АҚШ-тың бірнеше қаласында көрсетіліп жатыр.
Қазақстандық кинотуынды Лос-Анджелес, Хартфорд, Хьюстон және Нэшвилл қалаларында қалың жұртшылық назарына ұсынылды. Фильмнің АҚШ-тағы дистрибьюциясымен америкалық World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы айналысуда.
1977 жылы негізі қаланған бұл компания көркем, деректі, қысқаметражды фильмдерді және телевизиялық жобаларды қаржыландырып қана қоймай, оларды өндіріске жіберіп, тіпті прокатқа шығаруға көмектеседі.
"Бірнеше ұрпақтың тарихын баяндайтын, "Оскар" премиясына ұсынылған терең драманы прокатқа шығару - біздің компания үшін үлкен мақтаныш. Америкалықтар, әсіресе, аналар қауымы жанға жылу сыйлайтын фильмдерді қуана көреді", - деді World Wide Motion Pictures Corporation компаниясының бас директоры Пол Хэнкок. Еске сала кетсек, "Анаға апарар жол" фильмі "Үздік шетел фильмі" аталымында Қазақстан атынан "Оскар" және "Алтын глобус" премияларына ұсынылған болатын.
Тарихи кинотуындының бас продюсері - Әлия Назарбаева, режиссері - Ақан Сатаев. Фильмге еліміздің танымал актерлері Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов түскен.
"Анаға апарар жол" қазақ отбасының 1930 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін бастан кешкен оқиғалары жайлы баяндайды.