«Voice of Astana» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар
1798

«Voice of Astana» I халықаралық байқауын алғаш рет Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған осы іс-шарасына орай, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. 

Тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған еліміздің мақтанышы – Астана қаласына әлемнің музыка қауымдастығының назарын аудару мақсатында, халықаралық деңгейдегі эстрада орындаушыларының байқауын өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Байқауға қатысу сұранысын қабылдау 25 мамырда аяқтаып, әлемнің 20-дан астам мемлекетінен түрлі жанрдағы 500 орындаушы осы аламанға қатысуға ниет білдірді. 

Іріктеудің нәтижесінде Ресей, Қазақстан, Әзірбайджан, Грузия, Ұлыбритания, АҚШ, Италии, Украина, Болгария, Эстония, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Монғолия, Түркия, Татарстан, Израиль, Армения, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 20 қатысушы жартылай финалда өз өнерлерін көрсетті. 

15 маусымда өткен жартылай финалда конкурсанттар осы шараға арнайы жазылған Қазақстан астанасы туралы әндер орындауы тиіс болды, ал 16 маусымда өткен финалда қатысушылар өз репертуарынан ән шырқады. Вокалистерге орындау шеберлігі мен артистизм жағынан баға берілді. Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамына ҚР-ның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Серкебаев, РФ-ның еңбек сіңірген артисті Валерий Меладзе, 31 арнаның бас директоры Бағдат Қоджахметов, халықаралық «Евровидение» және балалар «Евровидение» байқаулары басқармасының мүшесі Никола Калигиоре, сондай-ақ Discover Silk Road Star-дың бас директор Автандил Гвасалия кірді. 

Сонымен, жартылай финал және финал кезеңдерінің нәтижелерінің негізінде «Voice of Astana» 1 Халықаралық эстрадалық орындаушылар байқауының келесі жеңімпаздары анықталды: Гран-при және байқау дипломанты атағын Грузиядан келген қатысушыАвтандил Абесламидзе жеңіп алды. І орынмен байқаудың лауреаты атағы «Golstone» мен Бердібек Құлғараевқа берілді. ІІ орын мен Байқау лауреаты атағын конкурсант Лин Бао (Қытай) мен Татьяна Доканина (Украина) иеленді. Сонымен қатысушылардың жүлделі орындарының қатарын Әзірбайжаннан келген қатысушы Ильхам Назаров аяқтайды. Ол ІІІ орын мен Байқау лауреаты атағын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға ақшалай сылықтар табысталды. Фестиваль аясында 15 маусым күні қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары қатысқан Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған үлкен концерт өтті. Фестиваль аяқталған, 16 маусым күні Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші болып өтті.

 Бұл концертке Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Элина Чага, «A-Studio» тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев, JCS тобы, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits, ағайынды Жүгінісовтер,Vox Acapella қатысты. Кеш қонақтарының ішінде Халықаралық «Евровидение» байқауында ІІ жүлделі орынға ие болған болгар әнші Кристиан Костов болды. Альбомдарымен синглдарыплатина мәртебесін иеленген әйгілі америкалық поп-әнші Анастейшаныңкөрсеткен 40 минуттық өнері фестивальдің сәні мен ұйымдастырушылар тарапынан жасалған тосынсый болды. әнші өзінің ең үздік және танымал композицияларын, сондай-ақ «Жайна Астана» әнін шырқады. 

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша байқау жыл сайын өткізілетін болады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...