«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың басынан небір зобалаң замандар өтті, соған қарамастан...
ӨЗДЕРІН ӨСТІП КӨГЕНДЕП ҚОЙСА
«БІЛКИПЕДИЯ» – Bicycle (Байцикл) дегеніміз – қазақша «шәйтан арба» немесе велосипед. Қазақ қоғамының қазіргі қалыптасқан ұғымындағы «Байсықылды» деген сөз - осы Байциклден алынған деген ғылыми жорамал бар.
Инстаграм әлеуметтік желісінде Zaman Tuleuov деген біреу қарға көміліп, қараусыз қалған бір үйір «шәйтан арбаның» суретін жария етіпті. Қазақ жұрты о бастан көңілшек жұрт қой! Темір көліктерді жылқы деп қабылдамады ма екен бірталайы көздерін сығымдап, «Обал емес пе? Мына қақаған қыста далаға қаңтарып тастағандары несі?!» деп те жатыр.
«Шәйтан арбаның» мәдениетке қатысы қанша деуі мүмкін. Егер біле білсек, адам баласының ізі түскен жердің бәріне мәдениеттің не мәдениетсіздіктің таңбасы қалады. Мәдениетті тарат десеңіз таратып берейін: сөйлеу, жүріс-тұрыс, киім-кию, тамақ ішу, т.т...
Алматының ауасы кеңдеу біраз жерлеріне веложолдар салынды. Қолжетімді ақымен велосипед тебу мүмкіндігі жолға қойылды. Денсаулық сақтау мәдениеті деген осы болар Мүмкін бұл бастаманың авторы қала әкімі болған шығар. Осы тапқырлығы үшін оны жоғары жақтан арқадан да қаққан шығар. Япырау, соның бәрі ұмыт болды да халықтың еншісіне осы велосипедтер қалған жоқ па? Бірақ халыққа бұйырған дүние - осылай қараусыз далада қалады деп ешкім ойламаса керек-ті.
Әлде осы бастаманың шығарған әкім өзі келіп жинамаса, қарауындағы шенеуніктер белсенділік танытуға жүрексініп отыр ма екен?!
Баяғыда малға жұт келгенде қоғамның малын елге үлестіріп беріп, аман сақтап қалушы еді. Әлде сөйтіп таратып алсақ па екен?
Ажы Тран