Айгүл Шаимова Тараздағы ЖОО студенттерімен кездесті

Жаңалықтар
345

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Елбасы қолдауының арқасында соңғы 15 жылда аталмыш салаға жұмсалатын шығындар шамамен 10 есе өсті. Осы жылдар ішінде Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде ерекше атала бастады. 



Жамбыл облысындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірінде өңір жастары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимовамен кездесіп, жастар үшін басты басымдық саналатын сапалы білім беру, салауатты өмір салты, кәсіптік жетістіктер, сондай-ақ жемқорлыққа жол бермеу сынды мәселелерді кеңінен қозғады.


Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды. Жиында университеттің дәстүр лі құндылықтарымен үйлеспейтін заңсыз сыйақы, плагиат және басқа да құбылыстар алудың кез-келген жағдайына жол бермеу мәселелері талқыланды. Мұның бәрі жуырда басталған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі атқаратын шаруалардың бір бөлігі болып табылады.


Айгүл Шаимованың айтуынша, «Қазақстан жаһандық үрдістерге лайықты жауап беріп келеді. Халқымыз білім алуға деген ұмтылысымен ерекшелене білді. XXI ғасырда сапалы білім адам капиталын дамытудың жалғыз шарты болып табылады. Себебі әрқайсыңыз мақсаттарыңызды айқын көріп, болашақты дұрыс жоспарлай білулеріңіз керек, басты назар нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы керек».

Агенттік Төрағасының орынбасары академиялық адалдық принциптерін ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні студенттер үшін табысты мансап жасау үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Әр студент отанға қызмет ету арқылы еліміздің мемлекеттілігін дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қоса алады. 


Кездесу соңында Айгүл Шаимова жастардың сұрақтарына жауап беріп, оларға «Жаңа идеялар банкі» жобасын құру бастамасы туралы хабарлады. Жоба шеңберінде әрбір студент өңір үшін өзекті мәселелерді көтере алады және оларды шешу жолдарын ұсынады. Ең қызықты ұсыныс жүзеге асырылатын болады.


madeniportal.kz

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...