Болат Омарәлиев – «Құрметті журналист»

Жаңалықтар
2715

Облыстық "Сыр бойы" газетінде ұзақ жылдар қызмет еткен, елімізге танымал фотокорреспондент Болат Омарәлиев "Қазақстанның құрметті Журналисі" атағына ие болды.   

Айта кету керек, Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басқарамасының шешімімен ҚЖО-ның 2019 жылғы сыйлығының лауреаттары болып 10 журналист атанды.

Бұлардан тыс, шығармашылық одақтың 60 жылдығына орай, Қазақстанның Құрметті журналистері атағына Жақсылық Айжанов (Ақтөбе облысы), Тажи Ақымов (Атырау облысы), Жұмат Анесов (Қостанай облысы), Орынбек Жолдыбай (Астана), Зәуре Жұмалиева (Солтүстік Қазақстан облысы), Жомарт Игиман (Алматы облысы), Айтқали Нариков (Батыс Қазақстан облысы), Ғани Қарин (Маңғыстау облысы), Болат Омаралиев (Қызылорда облысы), Амандық Рахулы (Қарағанды облысы), Матлюба Шоалиева (Алматы) және тағы бірқатар қаламгерлер лайық деп танылды.

Журналистерді марапаттау рәсімі 26 маусым күні "Еуразия" сауда орталығының мәжіліс залында сағат 11.00-де өтеді.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...