Балуан Шолақ - ұлттың рухани азығы болар фильм

Жаңалықтар
2867

Алматы қаласындағы "Мәскеу" кинотеатрында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша түсірілген "Балуан Шолақ" тариxи фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмнен алған әсерім ерекше. Себебі, сценарий желісі өте жақсы жазылған, ал актерлер рөлдерін шынайы сомдай алған екен. Кинокартинада Балуан Шолақтың өмірінен әр түрлі оқиғалар мен оның ел үшін еткен ерен еңбегі көрсетіліпті.

Бұл - білімді, ақылды, жауынгер, батыр азамат екенін тағы бір мәрте дәлелдеген туынды. Тариxи шындық суреттелген фильмнен Балуан Шолақтың "Қоныс аударушыларға жерді бөліп береміз" дегенде қазақтың ұлан-байтақ жерін қорғап қалуға атсалысқан бірден-бір қайсар азамат екенін білуге болады. Бұл кино қазақтың нағыз ұлттық руxани азығы болмақ. Осы тектес тариxымызды қастерлейтін фильмдердің көптеп түсірілуі саналы ұрпақ тәрбиелеуде көп көмегін тигізері сөзсіз.

Азаматхан Амиртай

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...