Президентке пародия жасайтын белгілі актер ұсталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2775

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне пародия жасайтын актер Алек Болдуинге сәттілік тіледі. Голливуд жұлдызы жұма күні Нью-Йоркте ұсталған. Болдуин Манхэттен аудандарының бірінде бір адамға жұдырық ала жүгіргенге ұқсайды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сенсек, төбелес автотұрақта болған.  

"Мен оған сәттілік тілеймін", - деді шуға қатысты журналистерге түсініктеме берген Трамп. 

 Алек Болдуин – америкалық актер, кинорежиссер, "Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері. Демократиялық көзқарастарымен танымал Болдуин бұған дейін америкалық телеарналардан берілетін әзіл-сықақ бағдарламасында Трампқа пародия жасаған.
 

ktk.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маскадағы жігіт тағы бір отбасыға көмектесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бұл жолы маскадағы жі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Диас Ахметшәріп көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Журналист Диас Ахметшәріптің м...