СҚО ауданында көлік жүргізушілері жылқыларды қағып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz Polisia.kz-к...
Жас кәсіпкер елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды
Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтіп жатыр. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосты.
Рәсімге келген жастардың қатарында әнші Димаш Құдайберген, бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Асылхан Төлепов сынды елімізді әлемге танытып жүрген жастар бар.
Түрлі салада жетістікке жеткен жастардың белсенді және креативті өкілдері Елбасы мен жиналған қауым алдында сөз сөйледі. 23 жастағы кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізде Маркетинг министрлігін құруды ұсынды.
«Құрметті Елбасы, Жастар жылында сізге Қазақстан Республикасының Маркетинг министрлігі деген шартты атаумен жоба ұсынғымыз келеді. Оның миссиясы – Қазақстанның әлемдік аренадағы ребрендингін жасау. Аталған бірлестік барлық ведомстволардағы PR қызметтерді дамыту мен қолдауға бағытталған алаңға айналуы мүмкін», - деді Расул Абдуллаев.
Атап өтсек, жиынға жастардың барлық санаттағы өкілдері: «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студенттер, жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, танымал блогерлер мен вайнерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттілігі бар жастар, жас әскери қызметшілер мен тағы басқалар қатысып отыр.
Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға екенін еске сала кетейік. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған еді. Оның аясында мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.