Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театры

ТЕАТР
8135

 Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры 1955 ж. Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) және Қаратал аудандары (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылды. Театр шымылдығы МүсіреповтіңАқан сері — Ақтоқты” трагедиясымен ашылды. 1960 ж. театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 ж. Нартай Бекежановтың есімі берілді. Театрдың іргесін қалаған актерлер Т.Айнақұлов, Ш.Бәкірова, Ж.Бағысова, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, С.Шотықов, Қ.Көпбаева, А.Манасбаев, Ш.Мәрденовтар мен тұңғыш режисері Ж.Әбілтаев болды. Театр ұжымы М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай”, Әуезовтің “Қаракөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Жат елде”, Т.Ахтановтың “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, С.Жүнісовтің “Тұтқындар”, “Қызым, саған айтам,”, О.Бодықовтың “Нартай”, Қ.Мұқашевтың “Парторг” пьесаларын, сондай-ақ У.Шекспирдің “Король Лир”, Ф.Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”, Қ.Гольдонидің “Екі мырзаға бір қызметкер”, Н.В. Гогольдің “Үйлену”, Ш.Айтматовтың “Ана - Жер-Ана”, М.Кәрімнің “Айгүл елінде”, т.б. спектакльдерді сахналады. 1966 ж. театр реж. М.Байсеркеұлының жетекшілігімен В.В. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясын” (Қазақстан жастар одағы сыйл., 1967) қойды. Театр венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), КСРО халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты болды.

Әмір-Темір Хусейін - Қызылорда Облыстық Драма Театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында режиссер болып қызмет атқарады.Ол 1965-1966 жылдары Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында карьерасын актер ретінде бастаған,кейін Қызылорда облысына келді.

Әмір-Темір Хусейін :«Театрда жұмыс істеу тек қана белгілі бір уақытта белгілі бір жұмысты істеу емес,бәрі де әртістің ынтасына және дайындығына байланысты» , -  деген. Қазақтың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әмір-Темір Хусейіннің айтуынша, өнерлі адамның Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа тұруы үшін арнайы оқу орындарын бітіруі тиіс. Әртістер әртүрлі дәрежеде болады.Жас әртістер осы театрға келеді және олардын бәрінің кастингтен өтуі шарт.Ол кастингте өнер адамдарына белгілі бір талаптар қойылады.Мұның бәрінен сүрібей өткен адам Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры мүшесі атанады.Қазіргі кезде осы жерде 45 адам жұмыс істейді. Бұрын 32 адам болды. Жақында өткен кастингтен 15 адамнан тек 3 әртіс, 6-7 биші қана алынды. Осыдан театр сапасы байқалады.

author

Нартай Бекежанов

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...