Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ Түркістан тұрғынынан 2,5 миллион теңге ұрлаған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
575

Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі интернет-алаяқтыққа күдіктіні ұстады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, Түркістан қаласының тұрғынын төмен пайызбен несие рәсімдеуге болатынына сендірген.

Сеніміне кірген ол түрлі сылтаулармен жәбірленушіден 2,5 миллион теңгеден астам қаражатты алдап алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеден асады», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге, сондай-ақ жеке деректері мен ақшалай қаражаттарын бейтаныс адамдарға бермеуге шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...