Ерболат Досаев енді Ұлттық банкті басқарады

Жаңалықтар
1338

Астана, Парламент Сенаты Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. 

1997 - 1998 жылдар аралығында – «Банк ТұранӘлем» ЖАҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқармасының төрағасы.

1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000 - 2001 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2001 - 2003 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003 - 2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Еуропалық қайта құру және Даму банкінің Қазақстандағы басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Басқарма мүшесі.

2004 - 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

2006 - 2012 жылдар аралығында – «ҚазИнвестБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылдың 16 қаңтарынан – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 880 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің № 5 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.

2016 жылғы 12 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...