Арман Шораев кәрі депутаттарға: «Күні ертең кооператив үйлерге өздерің кетіңдер, мемлекет үшін сол пайдалы»

Жаңалықтар
5140

Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқылау барысында балаларға кедергі жасамау үшін  қарт ата-аналарға кооперативтік үй салу жайлы әңгіме қозғаған болатын. «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев сол кооперативке Қарағұсова секілді кәрі депутаттардың өзін жіберуді ұсынды. 

«Несіне күтеміз? Мәжіліс және Сенаттың кәрі-құртаң депутаттары, күні ертең жұмыстан шыға сала кооперативтік үйге кетіңдер. Міне сол кезде мемлекет үшін пайдалы нәрсе болады. Ешкім де байқамай қалады сіздердің кетіп қалғандарыңызды», – деп жазды Шораев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Қарағұсованың бұл сөзі желіде қызу талқыланып, көпшіліктің ашуына тиген болатын.

Шоу-бизнес

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков оқырманына зәулім үйін сыйға тартады, деп хабарлады madeniportal....

Жаңалықтар

24 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлады madeniportal.kz. Ұлттық банктің дерегі...