Атырауда 600-ден астам оқушы STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) тегін білім беру...
Қазақстанда әрбір екінші отбасы төрт жылға дейін ажырасып кетеді
Ашық дереккөзден
"Сіздің ойыңызша, ажырасуды қандай себеп ақтай алады?", сұрағының жауаптарын бөлу. Отбасындағы зорлық-зомбылық (жұбайын/зайыбын немесе балаларын ұрады) - 51,1.
Некедегі опасыздық - 46,5.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке, нашақорлыққа салынуы - 46,2.
Ерлі-зайыптылардың бірінің құмар ойынға салынуы - 37,9.
Ерлі-зайыптылардың бірінің дәстүрлі емес жыныстық бағдары - 24,9.
Махаббаттың болмауы, түсінбеушілік - 24,0.
Жұбайын құрметтемеу - 21,9.
Балалардың болмауы - 11,0.
Күйеуінің/әйелінің ата-анасының араласуы - 10,4.
Жолдасының/жұбайының ата-анасын құрметтемеуі - 9,9.
Дінге оның ішінде дәстүрлі емес дінге деген құштарлық - 8,3.
Ерлі-зайыптылардың біреуінде жұмыс болмауы - 7,0.
Ата анасымен басқа туыстарымен бірге тұру - 5,6.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ауыр науқасы - 4,8.
Ұлдарының болмауы, қыздары ғана бар - 2,7.
Ажырасуды ешнәрсе ақтай алмайды - 14,2.
Басқа (ажырасу әркімнің жеке мәселесі, ортақ мүдденің болмауы, бір-бірін түсінбеу, кейіпкерлердің үйлесімсіздігі, бір-бірінен шаршау, ақша тапшылығы, қаржылық мәселелер) - 0,8.
Жауап беруге қиналамын - 6,0.
* Жауаптардың жиынтығы 100%-ға тең емес, яғни респонденттер жауаптардың кез келген санын таңдай алады
Жас топтары бойынша нәтиже респонденттердің жасы неғұрлым үлкен болса, ажырасуды ешқандай себеп ақтай алмайды деген сенім соғұрлым жоғары болатынын көрсетті. Яғни, аға буын өкілдері (16,5%) ажырасуға қарсы деуге болады.
"Мұның барлығы мәдениетіміз әлі де терең транформацияда екенінің тағы бір дәлелі, яғни, салт-дәстүр бүгінгі күннің бейініне, өмір ырғағына, қалалық өмірге адаптация кезеңінде. Жалпы алғанда, осы мәселеде жастар мен аға буынның көзқарасы арасындағы айырмашылық біраз байқалады. Мысалы, бұрындары күнделікті өмірде физикалық жиі көмек керек болғандықтан, қара шаңырақтан аттамай, ата-енемен бір үйде тұру қалыпты жағдай болса, қазір сервистер мен технологиялардың дамуына байланысты оның қажеттілігі жоқ есебінде.
Дегенмен мәдени тұрғыдан алғанда, "Салтты сақтау керек пе, әлде бас тартқан абзал ма?" деген дискуссиялық сұрақ баршылық. Үлкендер ажырасуға келгенде де сол дәстүрлі ұстанымнан аттамауға тырысатыны белгілі. Жоғарыда атап өткендей, біз әлі де патриархалдығы және геринтократиялығы сезілетін қоғамда өмір сүріп келеміз. Оған қоса жаһандану кезіңінде салт-дәстүрлердің әлсіреуінен, ұлттық бірегейлікті жоғалтудан қорқу – қоғам үшін заңды құбылыс, әсіресе аға буын тарапының уайымы түсінікті.
Дегенмен қоғам – тірі организм және тенденциялар ұдайы өзгерісте болатыны айтпаса да, түсінікті. Әлемдегі өзгерістердің Қазақстанды айналып өтпесі анық.
Зерттеушілер аталған тенденцияларды сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланыстыруда. Олар – жаһандық қаржы дағдарысы, тұрғын үй құнының жаппай өсуі, жұмыссыздық мәселесінің өршуі және тағы басқа мәселелер. Бұдан өзге, жас ұрпақ аға буында болған – ұнатпайтын адаммен некеде тұру, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өзі қаламайтын мамандық бойынша оқу және сол мамандық бойынша жұмыс істеу сияқты жағымсыз тәжірибелерді қайтамалауға барынша тырысады", - деп түйіндеді маман.
Сонымен қатар, елдегі отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес заңының күшеюі, әйелдер құқығының бірте-бірте қалыпқа келуі, психологиялық танымның артуы да ажырасу фактісіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Өйткені жанұя санының көптігі олардың міндетті түрде бақытты некеде өмір сүріп жатқандығын білдірмейді. Десек те, әлеуметтанушы маман "ажырасудың – жастар арасында кездесетін қиындықтар мен проблемалардың жалғыз шешімі емес екенін, сондай-ақ, отбасылық өмірге аяқ басуға ешқашан кедергі болмауы керек" екенін ескертеді.