Ақтөбе қаласында «Жас жүрек жайып саусағын...» атты поэтикалық кеш өтеді

ӘДЕБИЕТ
3134

9 сәуір күні 17:00-де Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде «Ауыл партиясының» қолдауымен жас ақын Нұрдәулет Қабасовтың «Жас жүрек жайып саусағын» атты поэтикалық кеші өтеді. 

Жас ақынның жан тебірентерлік жауқазын жырларына куә болыңыздар! Шығармашылық кеш Есенғали Раушанов, Мейірхан Ақдәулетұлы, Светқали Нұржан, Гүлнар Салықбай, Ақберен Елгезек, Бауыржан Халиолла, Бақытгүл Бабаш секілді танымал ақындардың және бір топ жас ақындардың қатысуымен өтеді.

"Мәдениет порталы" кеш иесі Нұрдаулет Қабассовтың бірнеше өлеңдерін оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!

***
Көрініп Қараң төбе,
Аппақ шыңым,
Құдайын құдіреттің сатпақшы кім.
Мен барлық дүниенің терезесін,
Өзімнің көлеңкеммен жаппақшымын.
 
Сен мейлі
Сенбе қалқам,
Езіліп көнге жасым, шерге малтам.
Дауылда дамыл іздеп қалғып кеттім,
Тершіп жер, терледі арқам.
 
Білмессің бұл ғаріптің туыспауын,
Дүние тар болған соң қуыстаумын.
Бұлт ішінде бұйығып сәби отыр,
мен ғой-ол...
Тыңдашы аспан тыныстауын.
 
Ғайыпты білгісі кеп ғарасат жұрт,
сұрайды құдайыңды аласарт деп.
Тәңір-ау жүрегімді жұлып берем,
Мынау жалғыз мендегі парасат деп.
 
Қайтейін көзім көрік,
Бөзім бөрік,
Алсам ғой жұмақта бір көз ілдіріп.
Ей, жалғанның жаутерек жалқы үміті,
Көлеңкеме сүйкенші өзің келіп...


***
Тосады алдан көпір мың,
Ғаламның берші ғазалын.
Түнеріп келген нөпірмін,
Түн қатып өлең жазамын.

Күн еңкейеді көгімде,
Қасіретін бер тоқиын.
Өкінішін бер, өмірге,
Өшігіп өлең оқиын.

Жасымды төгіп жылайын,
Көздерін берші бөкеннің.
Тағдырын берші күн, айдың,
Талықсып таң боп жетермін.

Әлде бір жанға асықпын,
Сезімін берші ұрлайын.
Сағынышын бер ғашықтың,
Сарыла күтіп жырлайын.

Денемді жалын шарпыдың,
Салайын жырға тақымды.
Арғымақтың бер алқымын,
Алайын кеткен ақымды.

Таңымды берші жиі атқан,
Көңілімде күлдір күй атқан.
көзсіздер, көзін боятқан.
Көздерім мені әлдилеп,
Көздерім мені оятқан.
Көздер ғой, көздер ұялтқан.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...