ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі...
Мәлік Мырзалин Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Мәлік Мырзалин Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін, ол Ақмола облысының әкімі болып қызмет атқарды.
Еске салайық, 2017 жылы наурызда Мәлік Мырзалин Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған еді. Бұл қызметке Мырзалин Сергей Кулагиннің орнына келді.
Мәлік Мырзалин 1971 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Йель университетінің менеджмент мектебінде (АҚШ) біліктілігін арттырудан өткен. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейін ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеді. 2007 жылдың наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылдың қараша айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін "Нұр Отан"партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін - "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ президентінің кеңесшісі. 2010 жылғы мамырдан 2011 жылғы тамызға дейін - Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы лауазымында. Кейін екі жыл бойы дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2013 жылғы шілдеде Президент Іс басқарушысының орынбасары, кейін 2017 жылғы қаңтарда - Президент Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.