Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық форумға қатысуды жоспарлап отыр деген бо...
Алғашқы кездесуде ажал құшқан қыз: оны өлтірген жігітке үкім шықты
Фото: Instagram/nemolchikz_official
Алматыда бойжеткінді арыққа итеріп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады madeniportal.kz.
Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты.
"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешкім араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.
Кейін Айнагүлді жанжал кезінде ер адам арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмды.
Уақыт өте іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, ер адам 2,5 жылға сотталды.