«Таза Қазақстан» акциясына 1 000 000-нан астам адам қатысты

ҚР МАМ баспасөз қызметі

Жаңалықтар
633

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

«Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.

29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарлануда.

Іс-шаралар Жамбыл облысында – 29 сәуірге, Алматыда – 30 сәуірге, Ақтөбе облысында – 1 мамырға, Шымкентте – 2 мамырға, Қостанай облысында – 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде – 4 мамырға жоспарланған.

Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...