I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЫР ЖАУҺАРЫ» БЕЙНЕБАЙҚАУЫ

ОНЛАЙН-КОНКУРС
9637

 1. Байқау шарттары

«Мәдениет порталы» қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» онлайн конкурсын ұсынады. 

Конкурсқа қатысу үшін мына шарттарды орындау керек:   

1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик жасау арқылы қатыса алады. 

2. Бейнеролик көлемі 2 минуттан кем болмауы және 7 минуттан аспауы керек;

3. Таңдалған ақынның өлеңін қатысушы өзі оқуы керек;

4. Бейнеролик әуесқой түсірілім ретінде қабылданады (бейнероликтің оң жақ үстіңгі бұрышында «Мәдениет порталының» логотипі болуы шарт. Логотипті ЖҮКТЕУ);   

 5. Бейнеролик «Жыр жауһары» онлайн конкурсы бөліміне жүктеу арқылы жолданады. "Мәдениет порталының" қызметкерлері YouTube каналында жариялайды.

2. Ұсынылатын ақындар:   

  • Абай Құнанбаев 
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы 
  • Сұлтанмахмұт Торайғыров 
  • Міржақып Дулатов 
  • Мағжан Жұмабаев 
  • Ілияс Жансүгіров 
  • Сәкен Сейфуллин 
  • Қасым Аманжолов 
  • Мұқағали Мақатаев 
  • Жұмекен Нәжмеденов 
  • Сағи Жиенбаев 
  • Төлеген Айбергенов 
  • Қадыр Мырза Әлі 
  • Тұманбай Молдағалиев 
  • Фариза Оңғарсынова 
  • Жұматай Жақыпбаев 
  • Әмірхан Балқыбек   

3. Қатысушылар үш топқа бөлінеді

  • 1-топқа 1-5 сынып оқушылары;

  • 2-топқа 5-11 сынып оқушылары;

  • 3-топқа 1-4 курс студенттері (колледжі, ЖОО студенттері) кіреді. 

4. Жеңімпаздарды марапаттау   

1. Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады. 

1-топ 1-5 сынып оқушылары үшін тағайындалатын жүлделер:

І орын – 1 (біреу) 

ІІ орын – 3 (үшеу) 

ІІІ орын – 5 (бесеу) 

Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)   

2-топ 5-11 сынып оқушылары үшін тағайындалатын жүлделер:

І орын – 1 (біреу) 

ІІ орын – 3 (үшеу) 

ІІІ орын – 5 (бесеу) 

Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)  

3-топ 1-4 курс студенттері (колледжі, ЖОО студенттері) үшін тағайындалатын жүлделер:

І орын – 1 (біреу) 

ІІ орын – 3 (үшеу) 

ІІІ орын – 5 (бесеу) 

Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)  

"Жыр жауһары" алтын кубогы - 1 000 000 теңге. 

(Барлық топтар арасынан таңдалады!)

2. Ұсынылатын жұмыстар 2022 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.   

3. Ұсынылатын жұмыстарды «Мәдениет порталына» тіркеліп, жолдауға болады. 

4. Жұмыстарды жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары    

5. Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.   

6. Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылы 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде өтеді.


Қосымша конкурс туралы ақпараттарды "Мәдениет порталының" facebook және Telegram желісіне жазылып бақылай аласыздар.

Құрметпен, "Мәдениет порталы" 


Ескерту!!!  Байқауға қатысқан барлық оқушыларға, студенттерге ресми түрде алғыс хат үлестіріледі. Жеңімпаздардың жол шығынын және жатын орнын ұйымдастырушылар мойындарына алмайды!  


Қатысу жарнасы бар

Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды madeniportal.kz B...

Жаңалықтар

Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар бала жәбір көрген, деп хабарлайды madeniportal....