Сот залында ән шырқаған қыздар желіні жарды (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2369

Әлеуметтік желіде сот отырысы болатын залда әнші қыздардың өнер көрсетуі көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Еgovpress парақшасында аты жөні белгісіз қыздардың сот залында ән шырқаған бейнесі тарады.

Тек бізде ғана ерекше адамдар сот залында Қазақстан Республикасының Елтаңбасының алдында жанып тұрған және түсініксіз концерт ұйымдастыра алады. Біз де не болып жатқанын түсінбей отырмыз.

«Тек бізде ғана «ерекше» адамдар сот залында Қазақстан Республикасының Елтаңбасының алдында көңіл көтерерлік және түсініксіз концерт ұйымдастыра алады. Біз де не болып жатқанын түсінбей отырмыз», - делінген парақшадағы бейненің сипаттамасында.

Желі қолданушылары бұл ерекше жайтқа түрлі пікір қалдырды.

«Сотталушылар ән шырқап, алқабилердің көңіл-күйін көтеріп жатқан шығар», «Үкім шығарар алдындағы музыкалық демалыс шығар», «Өздерінің акт залдары жоқ па», - деген секілді пікірлер жазған желі қолданушылары.

Бейнедегі сот залы қай жақтың мекемесі екені белгісіз.

 
 
 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...