Абай облысы Жарма ауданының сотында адамды ұрлады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қа...
Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Хаттамаға 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған болатын.
Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесіне Қазақстан Республикасының 10 мемлекеттік органының бөлімшелерін қосымша енгізу осы Хаттаманың мәні болып табылады. Осылайша, Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасының 18 мемлекеттік органы жұмыс істейтін болады.
Атап айтқанда, «Байқоңыр» кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласында жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органдардың тізбесі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшелері сияқты органдармен және басқаларымен толықтырылған болатын.
Хаттама күшіне енгенде «Байқоңыр» кешені бойынша екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріптестікті және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады
«Хаттаманы қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға оң әсерін тигізеді, сондай-ақ халыққа барлық қажетті қызметтер мен ақпаратты уақытында алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор Т.Мұсабаев.
Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.