Маңғыстау облысында ақын Есенғали Раушановпен қоштасу рәсімі өтті

Жаңалықтар
2756

Бүгін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, қазақ әдебиеті мен драматургиясының жарқын жұлдызы Есенғали Раушановпен қоштасу рәсімі өтті. 

Шара барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, шағын адамның қатысуымен «Есенғали орманы» саябағында ұйымдастырылды. Бұл саябақтың іргетасы 2014 жылы қаланып, ағаштар отырғызылып, 2018 жылы Есенғали Раушановтың Бейнеуге сапары барысында ашылған болатын. Е.Раушановтың өзі еккен ағаштар бүгінде мәуелі баққа айналып жатыр. 

Қоштасу шарасына аудан әкімі мен орынбасарлары, «Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Басшы Әзірханов және ақын ағамыздың тума-туыстары мен жолдастары қатысты.

Аудан басшысы Бейнеубек Әбілов маңғаз Маңғыстау, берекелі Бейнеу төл перзентім деп бауырына басқан Есенғали Әбдіжаппарұлының жалынды жырлары кемелденген қоғамның рухани игілігіне айналып, болашақта да көш бастайтынын айтты. 

«Көзінің тірісінде биік пайым парасаттылығына орай «Парасат» орденімен, қалың оқырманның алдындағы қадіріне орай «Құрмет» орденімен марапатталған абзал ағамыздың қайғылы қазасына ортақтасып, отбасы мен туыс-тумаластарына көңіл айтамын. Қасиетің де, қасіретің де – еншімде, Қара өлеңі қазақ деген халықтың»,-деп жырлаған қазақтың көрнекті ақыны, сыйлы ағамыздың бейнесі мәңгі жерлестерінің көкейінен өшпейді»,-деді аудан басшысы.

Сонымен қатар ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыров Сұлтан, жергілікті ақын Есетова Айнахан және Қадыр Сәрсен сөз алып, ақынның естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, Е.Раушановтың өлеңдері оқылып, гүл шоқтары қойылды. Шара соңында ақын рухына бағышталып құран оқылды.

madeniportal.kz

author

Есенғали Раушанов

АҚЫН

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...