Димаш Бекзат Саттархановқа жантебірентерлік жазба арнады

Жаңалықтар
3296

Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Бекзат Саттарханов тірі болса, 39 жасқа толар еді.

20 жасында қаза болған боксшыны қазақтың дарынды баласы Димаш Құдайберген еске алған.

"Бүгін қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттарханов ағамыздың өмірге келген күні. Қысқа ғана ғұмыр кешсе де, еліміздің тұғырын үлкен деңгейге көтерген арыстай азаматымыз мәңгілік жүрегімізде. Ер есімі ел - есінде! Алаштың текті ұрпағының тұқымы Бекзат аға, жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын!" , - деп жазған әнші.

Есе сала кетейік, 1980 жылы Түркістанда дүниеге келген боксшы 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды.

Сол жылы Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғап, ел қоржынына алтын медальді салған еді.

kaz.nur.kz

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Құрме...

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...