Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметт...
Айс мұратова ісі: Сот қорғаушы ретінде мен үшін ауыр өтті (Видео)
Сурет: Ашық дереккөзден
Айс Мұратованың ісі бойынша бұлтартпау шарасын «Үй қамақ түрінен», «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы заңгер Ғабит Өмірбек өз парақшасында жазды.
"Менің жазған өтініш хатымның негізінде, күдікті Айс Мұратованың бұлтартпау шарасын «Үй қамақ түрінен», «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертіліп. Соттың шешімімен қамаққа алынды. Іс сотқа жіберілгенше қамауда болады",-деді заңгер.
Сондай-ақ тергеушілер заңгерге офлайн өтетін сотты онлайн өтеді деп хабарлаған.
"Сот қорғаушы ретінде мен үшін ауыр өтті. Өйткені бізге тергеуші алдап, сотты онлайн болады деп қатыстырмай, келсек офлайн болып жатыр екен. Келген соң шу көтеріп, ойымызды айтып, заңсыздықты айтып, бәрін бейнежазбада түсіргеннен кейін ғана тергеушілер қорқып, бір-біріне жала жаба бастады. Енді сот әділ шешімін шығарды", деді қорғаушы.