Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Жаңалықтар
2089

Алматыға шетелден келген қызға коронавирус диагнозы қойылды, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

«Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл 2008 жылы туылған қыз, елге Германиядан ұшып келген. Қазіргі уақытта Алматыда 7 вирус жұқтырған адам анықталып отыр, оның екеуі Нұр-Сұлтанда», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны сегіз адамға дейін өскенін айтқан.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, енді Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тоғыз адамға дейін жетті.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...