Алматы қаласында «Алатау» киноконцерт залында «Елбасы жолы. Астана» көркем ф...
Ауылдық жердегі ҮЕҰ әлеуетін арттыратын тың жоба
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Алматы облысының әйелдер ауылдық желісі» қоғамдық бірлестігі өңіріміздегі ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша жобаны жүзеге асырмақ. Бұл туралы «Алматы облысының әйелдер ауылдық желісі» ҚБ өкілі Ольга Скобляшова, жоба координаторы Әлия Шағиахмет, Алматы облысының ҮЕҰ консалтинг орталығының заңгері Жанар Төлемісова баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берді. Ақсу, Алакөл, Сарқан, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары жобаға тартылатын болады.
Қазіргі таңда өңірде 1012 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, оның 631-і қоғамдық ұйым, 333-і қоғамдық қор, қалғаны заңды тұлғалық ұйымдар санатында. Олар негізінен бірнеше бағыттыа жұмыс жасайды, Айтар болсақ, әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға көмек беру, жастармен, балалармен жұмыс жасайтын орталық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық келісімді нығайту бағытында құрылған. Олардың арасында ең белсенді жұмыс жасайтындары Талдықорған қаласында, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында. Жалпы алғанда, 2018 жылы 17 аудан мен 3 қалада ішкі саясат бөлімдерімен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша 136 лот жүзеге асырылды. Үстіміздегі жылы да 100 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Консалтинг орталығы азаматтардың белсенділігін қолдап, ҮЕҰ жобаларын іске асыру мақсатында жыл сайын «Әлеуметтік идея мен жобалар» жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. Биыл бұл ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталып отырғандығын Жанар Ерханқызы атап көрсетті.
Спикерлердің айтуынша, ауыл тұрғындарына жобалар турасында ақпараттық қолдау ғана жасалып қоймай, олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті білімдерін арттыруға көңіл бөлінеді. Осылайша, әлеуметтік проблемаларды шешуге тұрғындарды қатыстыру – негізгі мақсат.
Ең алдымен ауылдық ҮЕҰ әлеуетін күшейту арқылы жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге, тұрғындарды тарта отырып ықпал ету. Жобалық басқаруға оқыту және шағын гранттар беру мәселесін шешу жайы да қозғалды. Спикелер БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.