Қанипа Бұғыбаева – қазақтың аяулы ақын қыздарының бірі. Тағдырлы ақын. Өмірдің ащы дәмін ерте...
«Шам жарығындағы кездесу» поэзиялық кеші өтті
«Şam» әдеби шығармашылық орталығы – 2016 жылдың 19 қарашасында Шымкент қаласында құрылды. Әдебиеттің түрлі жанрында шығарма жазатын жас қаламгерлердің туындыларын насихаттау, жас авторларға жан-жақты қолдау жасау мақсатында іргесі қаланып, жетекшісі белгіленді. Орталықтың төрағасы болып ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Сүндет Сейітов сайланды.
Жоғарыда аталған шығармашылық кештің мәні мен нәші бөлек. Атаулы кеш «Şam» әдеби шығармашылық орталығының 5 жылдық мерейтойы аясында «Шам жарығындағы кездесу» деген атпен өтеді. Кеште шығармашылық орталықтың мүшелері өлең оқып, поэтикалық жекпе-жекке шығады. Кеште үш жыр жинақтың тұсауы кесіледі. Атағанда, «Мәңгілік гүл», «Шах-Мат», «Икигай» кітаптары оқырмандарға таралмақ.
Бұған дейін әдеби ұжым көптеген жетістіктерге жетті. Оның ішінде, 7 ақын-жазушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанса, 5 ақын «Жылдың үздік ақыны» һәм 5 жазушы «Жылдың үздік жазушысы» және 1 ақын, яғни Батырхан Сәрсенхан Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, бұдан бөлек 4 ақын республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаттары атанды.