Имам Ғазалидің адамзаттың жеті қауіп-қатері жайында айтқан тұжырымын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқы...
Жамбыл Артықбаев. Жақсы мен жаман.
«Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа». Осы мақалды қазақ әдебиетін бастап оқыған бала кезімнен білемін десем қате емес шығар. Ер жете келе қазақтың ұйқас қуып айтқан жел сөзінің бірі дедім де қойдым. Себебі мені туған, өсірген анам «шашы ұзын, ақылы қысқа» деген анықтамаға келмейтін. Анамыз өте ұстамды болды, өзі қасиетіне жұрт ден қойған Ақшал бірадардың қызы еді, «бірадардың қызы» деген туды бір құлатпады. Әкеміз екі рет халық жауы болып айдалғанда отбасын сақтап қалу үшін де қасиет керек шығар ?! Жоқшылық заман ба, жоқ, табиғаты солай ма, жұмыртқадан жүн қырқып алатын үнемшіл, есепқой, бәрін жоспарлап отыратын адам еді.
Тіршіліктегі проблемаларды әйел сабырлы мінезімен жеңеді. Қазақтың әйелін қадірлі қылатын сабыр деп білемін. Есті адамның ақылды біреуден, не өз тәжірибесінен алуына болады, ал сабырды Құдай тағала өзі бермесе ешкімнен ала алмайсыз! Қазақ қызды, жалпы әйел адамды мінезіне, ал ер азаматты ақылына қарап бағалайды. Мысалы Абай: «Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме», «Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, райыс үстіндегі үй» дейді. Әрина, ақыл да керек. Абай: «Ақыл керек, ес керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек» дейді. Жақсы әйел ерінің қабағынан-ақ бәрін біліп отырады: «Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр. Жар көңіліне бар жанын пида қылып, Білместігің бар болса, қылар сабыр». Осы сөздеріне қарағанда Абай атам да сабырды бірінші орынға қоятын сияқты!
*Айгүл Үсен деген қарындасым қалжыңдап «Бұл мақал ескірді. Қазір əйелдердің шашы қысқарып, ақылы ұзарды емес пе?»- дейді өзінің пікірінде. Бір жасы келіп қалған күйеу «күйеубала» дегенге - «Күйеуі күйеу ғой, баласы - қайдам» деген екен, сол сияқты «Шашы қысқарғаны рас, ақылы ұзарғаны қайдам?!