Асқар Дайырбек. Серікбол Қондыбай мен рухани жаңғыру

САЛТ-ДӘСТҮР
5012

Көктемнің шығатын кезі, қыс пен жаз, күн мен түн күресетін жыл мезгілі. Ақ пен қара ажыратылатын шақ. Бұл кезде ақ пен қараны ажыратып, халқымыздың бабалардан қалған мәдени, рухани мұрасының түбіне дейін қазып зерттеген, салт-дәстүрімізде, ырым-жырымымызда, наным-сенімдерімізде сиқырлы құпияларын, бабалар шешіп ұрпаққа аманат қылған белгілерін, символдарын іздеген жан Серікбол Қондыбай қазақ елінің бақытына жаралған. Қазақ ұлттық мәдениеті, мифологиясы, ауыз әдебиеті, халқымыздың жыр-дастандары, аңыз-әпсаналары, ертегілері, көшпенділердің жұлдыздар туралы түсініктері табиғатпен, жаратылыспен, ғаршыпен, Жаһанмен тығыз байланысты. Әдет-ғұрпымыз, ырым мен тиымдарымыз табиғи, табиғатпен үндес, жаратылыс заңдарына сәйкес келеді. Көшпенділер табиғатпен, дүниемен тұтас болып, қоршаған ортамен гармонияда тұратын еді. Бұл ұстаным қазақ халқының және көшпенді түркі халықтарының мәдениетінде және ауыз әдебиетінде көрінеді. Әсіресе, көшпенділердің философиясының негіздері, рухани құндылықтарының принциптері халық мифологиясында көрсетілген. Көшпенділер, көне түрік, қазақ мифологиясы өте бай, қызық, әлемге әйгілі көне Мысыр, Шумер, Скандинавия, грек, рим ифологиясынан кем емес. Ата-бабаларымыздың генетикалық кодына сінген мифологиясын және жалпы қазақ руханиятының түп-тамырын жалықпай зерттеген Серікбол Қондыбай еді.

Ал Маңғыстау – қаймағы бұзылмаған, көне салт-дәстүрлеріміз сақталған, ұлттық рухы берік ұсталған, сан әулие, пірлер, батырлар, ерлер, жыраулар өткен жер, жыр-дастандарға, аңыз-әпсаналарға толы қасиеті бар мекен ғой. Табиғат көріністерінің өзі Жерге емес, Айға, Марсқа, ғарыштағы ғаламшарларының өркениеттерінің біріне немесе ертегілердегі, мифтағы, анимациядағы сиқырлы ғажап дүниелерінің біріне ұқсайды. Қырымның қырық батырларының аттарының дүбірі естілген,

Ноғайлы заманының абыз жыраулардың мұңды сарының, ой түбінде жатқан сөзін ұққан, Адай ата, Ер Қосай, Бекет атаның мекені Маңғыстаудың қадіріне кім жетсін! Серікбол Қондыбай осындай жерде туған, өмір сүрген, топырағынан нәр алған. Қоршаған орта, қасиетті елдің күш-қуаты, энергетикасы зерттеуші ғалымға әсер етіп дем берген.

Ғалымның өмірі қамшының сабындай қысқа, шолақ және сынауларға толы еді. Ауыр дерттің кесірінен зерттеуші көп жыл жүре алмай, төсек тартып жатты. Бірақ, ауруына қарамастан, Серікбол Қондыбай халық мәдениетін, мифологиясын зерттеп, түбін қазып, том-том кітап жазды. Әдебиетте өткен ғасырда осындай тұлға Николай Островский еді. Ал қазақ әдебиетінде ақын Айжарық Әбілқасымовтың атын атауға болады. Тағдырымен, науқасымен кұресіп, Серікбол Қондыбай жай ғана аңыз-әпсаналарды, жыр-дастандарды зерттеп, талдап кітап жазған жоқ, ол руханиятымыздың түп-тамырын қазған. Демек, өмір бойы қазақ халқының ата-бабалары мен ұрпақтары арасындағы рухани сабақтастығына зор үлесін қосқан.

Рухани жаңғыру іске асырылып жатқанда Серікбол Қондыбайдың құнды зерттеулері қажетті болатыны айдай анық. Серікбол Қондыбай Мәңгілік Елдің аталар мен ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастығын, адам мен болмыстың тұтастығын, көшпендінің микрокосмосы менен Жаһанның үндестігін, мәдениетіміздің, философиямыздың түпсіздігін, бітпестігін, үзілмес асыл мирас екендігін дәлелдеген. Мұның дәлелі – өзіміздің мәдениетіміз бен ауыз әдебиетімізде жатыр.

Маңғыстау еліндегі Шетпеде орналасқан Серікбол Қондыбайдың мемориалдық мұражайы – тек ғана ғалымға арналған ескерткіш емес, рухани, мәдени ошағы, арғықазақ мифологиясына арналған ерекше мұражай.

Алматы мен Астананың мұражайларынан ғана емес, шетел мұражайларынан

кем емес. Рухани жаңғыру аясында Серікбол Қондыбайдың мерейтойын ұмытпай, атын еске алып, жадында сақтап, қалдырған еңбектерін, мирасын зерттеп, ісін жалғастыру жөн. Қазақстанның бір емес, бірнеше қалаларда көше атын иемденуге де лайық тұлға десек қателеспейміз шығар. Мәслихаттардың құлағына алтын сырға.


author

Серікбол Қондыбай

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...