Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқ...
Адамдар 7 қауіп-қатерден қорқу керек
Имам Ғазалидің адамзаттың жеті қауіп-қатері жайында айтқан тұжырымын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Әбу Хамид Мұхаммад бин Мұхаммад ат-Туси әл-Ғазали 1058 -1111 жылдар аралығында өмір сүрген аса ірі діндар, философ және факихші (мұсылмандық құқық білімпазы). Тус қаласында (Хорасанда) туған, Нишапурда әл-Джувейнидің ( имам әл-Харамайн) шәкірті болған.
Бірінші, өлім қаупі. Адам мұсылман немесе кәпір болып өледі.
Екінші, қабір қаупі. Адамның амалына қарай қабірде зұлымдық, не нұр болады.
Үшінші, сұрақ қаупі. Періштелер сұрақ қойғанда, жауап бере алады немесе бере алмайды.
Төртінші хашир (махшар алаңына жиналу — Ррд.) қаупі. Жүзі қара немесе ақ болып тіреледі.
Бесінші, есеп қаупі. Есеп күні қиын немесе оңай болады.
Алтыншы, мизам (жаназа, өлім — ред.) қаупі. Алла алдындағы адамның сауабы немесе күнәсі ауыр болады.
Жетінші, ақырет қаупі. Соңында адам баласы жұмаққа немесе тозаққа барады.